- Grandeur моделінің 35 жылдығына орай Hyundai дизайнерлері классикалық бұрыштық седанға болашақ автомобильдердің дизайнына шабыт ретінде ретро-футуристік көрініс берді
- Қайта жаңғыртылған бірінші буынды Grandeur 80-ші жылдардың стиліндегі элементтерді сақтап, электрлік қуат қондырғысын, «Параметрлік пиксельдер» рухындағы сыртқы дизайнды және дыбыстық сәулеті бар салонға ие болды
- Hyundai компаниясы Heritage Series желісінің басқа тұжырымдамалары арқылы брендтің құнды мұрасын қайта қарастыруды жалғастырады
Hyundai Motor компаниясы 1986 жылы Grandeur флагмандық седанының нарыққа шыққанына 35 жыл толуын атап өтіп, оны ретро-футуристік электрлік рестомодқа айналдырды. Hyundai Heritage Series Grandeur концепт-кары классикалық седанның символдық мәнін көрсету және болашақ модельдердің дизайны үшін шабыт көзін табу үшін әзірленген.
Hyundai дизайнерлер командасы бірінші буындағы Grandeur автомобилін жаңа жолмен түсіндіріп, оны «Параметрлік пиксельдер» («Parametric Pixel») стилистикасында жарық оптикасы бар электромобильге – IONIQ 5 сериялық моделі дизайнының тән элементіне айналдырды. Концепт сондай-ақ, борлат түстес барқытпен және Nappa былғарымен әрленген ультразаманауи интерьерге ие болды.
Сыртқы жағынан, Heritage Series Grandeur ретро сүйкімділігінің жаңа талғампаз элементтермен тамаша үйлесімімен ерекшеленеді, оның ішінде бүйірлік айналар, арнайы дөңгелек дискілері, бүйірлік қаптамалар, сонымен қатар жоғарыда аталған «пиксельдік» жарықдиодты шамдар мен Hyundai рестомодына орнатылған электр қозғалтқышын еске салатын артқы шамдар.
Heritage Series Grandeur седанының сәнді салонында дизайнерлер «newness» («жаңалық») және «retro» («ретро») сөздерінің бірігуінен алынған «Newtro» тұжырымдамалық тәсілін қолданды. Ол тиісті кезеңнің дыбыстық жүйелері мен музыка әуесқойлары бағалайтын заманауи дыбыстық жүйе сияқты мыс-қызыл түсті шырағдандарды қолдана отырып, адамдардың сезімдерін оятуға арналған.
Алдыңғы орындықтар классикалық Grandeur седанынан шабыт алған борлат түсті барқытпен қапталған және күтпеген ерекшелігі – талғампаз бауы бар қызғылт қоңыр түсті Nappa былғарыдан жасалған арқалығы. Орталық шынтақшада құнды заттарды сақтауға арналған жылжымалы тауашалар жасырылған – мысалы, сағат.
Дизайнерлер ең заманауи жүйелерді ретро стиліндегі панельдік корпустарға керемет түрде біріктіріп, алдыңғы консольдегі батырмалар мен пернелерді аса кең жалпақ сенсорлық дисплеймен алмастырды, бірақ бір кегейлі руль мен ұшақтың кабинасындағы тұтқаға ұқсас беріліс қорабының селекторының есебінен 80-ші жылдардағы рухты сақтап қалды.
Сонымен қатар, автомобиль жасаушылар Оңтүстік Кореяның саунд-дизайнері Ю Гук Ил (Guk-il Yu) жасаған 18 динамигі бар 4way4 аудиожүйесін орнатты. Концерт залдарының акустика принциптерін ескере отырып жобаланған орталық консоль мен седанның аспаптар тақтасының дизайны арқасында бай дыбыс, керемет айқындық және аудиожүйенің терең басс дыбыстары қамтамасыз етіледі. Көлік қозғалмаған кезде, арнайы функция орталық тоннельдегі экранды виртуалды пианиноға айналдыруға мүмкіндік береді, оның дыбысы аудиожүйе арқылы ойнатылады.
Аспаптар тақтасының сол және оң жағында салонға мыс-қызыл түсті жарықтандыру сәулелері түседі, олар орталық тірекке еніп, интерьерді одан да талғампаз етеді. Төбеге орнатылған «шексіз айна» әсері бар шырағдандар артқы жолаушыларға бұрынғыдан да көп кеңдік сезімін сыйлайды және сәнді салонды 80-жылдардың ортасындағы атмосферамен толтырады.
1975 жылғы Pony және 1986 жылғы Grandeur түпнұсқалы модельдерін электрлік концепт-карлар түрінде қайта жаңғыртқан Hyundai дизайнерлері Heritage Series желісінің басқа рестомодтарында брендтің құнды мұрасын қайта қарастыруды жалғастырады.
«Біздің дизайнерлер болашақтың бейнесін елестеткенде, олар үшін артқа қарап, бұрынғы жылдары жасалғанды еске түсіріп, одан шабыт іздей білу маңызды», – деді Хак Су Ха (Hak-soo Ha), Hyundai дизайн орталығының интерьерді әзірлеу тобының жетекшісі. – «Heritage Series Grandeur моделінде дизайнерлер Hyundai тарихының маңызды бөлігін қайта қарап, оны электромобильдер дәуірінің шексіз мүмкіндіктерін бейнелейтін винтаж бен заманауилықтың керемет және бірегей үйлесіміне айналдырды».
Осы жылдың 14 қарашасына дейін Hyundai Heritage Series Grandeur седаны Кояндағы Hyundai Motorstudio кеңістігінде, ал 16-21 қараша аралығында Сеулдегі Motorstudio-да қойылады.