Уайым аз, жайлылық көп: интеллектуалды қауіпсіздік жүйелері сіз қозғалысты бастамас бұрын өз жұмысын бастап кетеді.
Қауіпсіз көлік айдау бұлай оңай болмаған. Бұл – жүргізушіні де, жолаушыларды да, сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларын да қорғайтын жүйелер мен көмекшілердің арқасы.
Жолаушылар барлық жақтан қорғалған. Соқтығыс жағдайында олардың қауіпсіздігін 10 жастық қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: алдыңғы қауіпсіздік жастықтары, жүргізушінің тізелік қауіпсіздік көпшігі, ортаңғы, алдыңғы және артқы бүйірлік қауіпсіздік жастықтары, сондай-ақ қауіпсіздік қалқалары.
Қатарды ауыстыру немесе қатарлас тұрақтан шығу үшін бұрылыс көрсеткіші қосылғанда, жүргізушіге тиісті көзден таса аймақтағы көлік құралдары туралы (егер бар болса) ескертеді. Егер ескертуден кейін соқтығысу қаупі артса, жүйе тежегіш механизмдерді автоматты белсендіреді және ЖКО алдын алу үшін автокөлікті тоқтатады.
Қарсы және жолай келе жатқан көлік құралдары жүргізушілерінің көзіне шағылыспауы үшін шалғай жарықты қосу-өшіруді басқарады. Ол сондай-ақ түнгі уақытта жүргізуші орнынан қарап шолуды жақсартады.
Автомагистральмен қозғалыс кезіндегі көмекші жүйе жоғары жылдамдық жағдайларында көлік айдауға арнайы әзірленген алдыңғы қатарлы технологиялардың арқасында жоғары жылдамдық кезінде қауіпсіздікті арттырады.
Автомагистральмен қозғалыс барысында алда келе жатқан көлік құралына дейін қауіпсіз қашықтықты ұстауға көмектеседі және автокөлікті жүріп бара жатқан қозғалыс жолағының ортасында және бұрылыстарда белгіленген жылдамдықты ұстап тұрады. Ол сондай-ақ жолақты ауыстыру кезінде көмектеседі.
Алдыңғы соқтығысуларды алдын алу жүйесі жол жағдайын қадағалайды және басқа көлік құралдарымен және жаяу жүргіншілермен соқтығысудың алдын алуға көмектеседі.
Жол қиылысынан өткенде автокөлікке сол/оң жақтан жақындап келе жатқан көлік құралдарымен соқтығысып қалмауға тікелей көмектеседі.
Жолақты ауыстырғанда көрші жолақтағы алдыда келе жатқан көлік құралымен соқтығысып қалмауға көмектеседі.
Тұрақта қауіпсіздікті көтермелеу жүйесі тұрақ орнынан қауіпсіз шығуға көмектеседі және артқы жүріспен жүргенде апаттың алдын алады.
Артқы жүріс берілісі қосылғанда, автокөліктің артқы бөлігіне біріктірілген жарықдиод шамы жаяу жүргіншілер мен басқа көлік жүргізушілеріне қауіп туралы ескертетін жарық жолақтарын жол жабынына проекциялайды.
Тұрақ орнын табуға көмектеседі және рульді, тежегіш жүйе мен трансмиссяны басқара отырып, автокөлікті тұраққа қояды. Қосымша жайлы болу үшін тұраққа қою процесін смарт-кілт көмегімен қашықтан басқаруға болады.
Артқы жүріспен жүрген кезде сол не оң жақтан жақында келе жатқан көлік құралымен соқтығысу қаупі анықталса, жүргізушіге ескертеді. Егер ескертуден кейін соқтығысу қаупі артса, жүйе тежегіш механизмдерді автоматты белсендіреді және ЖКО алдын алу үшін автокөлікті тоқтатады.
www.pavlodar.hyundai.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.