G90 мінсіз жайлылық сыйлайды. Зияткерлік жүйелер жол жағдайларына лезде бейімделеді, ал жоғары технологиялық шасси жүрістің ерекше бірқалыптылығын қамтамасыз етеді.
Турбоқозғалтқыштар қуатты әрі серпінді жүрісті қамтамасыз етеді. Орталық бүрку мен суық интеркулер отын үнемділігін және жауап беру жылдамдығын арттырады. Қосымша 48-вольттық электрлік суперчарджер кез келген жылдамдықта қуатты арттырып, рекуперативті тежеу арқылы өнімділікті оңтайландырады.
Турбоқозғалтқыштар қуатты әрі серпінді жүрісті қамтамасыз етеді. Орталық бүрку мен суық интеркулер отын үнемділігін және жауап беру жылдамдығын арттырады. Қосымша 48-вольттық электрлік суперчарджер кез келген жылдамдықта қуатты арттырып, рекуперативті тежеу арқылы өнімділікті оңтайландырады.
Алдыңғы дөңгелектерді басқарумен үйлесімде бұл жүйе қозғалыс жағдайларына байланысты артқы дөңгелектердің бұрылу бұрышын белсенді түрде басқарады. Төмен жылдамдықта RWS жүйесі артқы дөңгелектерді алдыңғы дөңгелектерге қарама-қарсы бағытқа бұрады, бұл бұрылу радиусын азайтуға мүмкіндік береді. Ал орташа немесе жоғары жылдамдықпен қозғалғанда, артқы дөңгелектер алдыңғы дөңгелектермен бір бағытқа бұрылып, шанақтың (кузовтың) бүйірге ығысуын азайтады.
Жүргізуші қалауы мен жүргізу жағдайларына қарай Comfort («Жайлы»), Eco («Үнемді»), Sport («Спорттық») немесе Custom («Жеке») режимдері арасында ауыса алады. Comfort режиміндегі бірқалыпты жүріс, Sport режиміндегі қуатты екпін және Eco режиміндегі отынды тиімді үнемдеу — Genesis G90 кез келген тапсырмаға бейімделеді.
Жүргізуші тежеудің үш режимінің бірін таңдай алады: «Жайлы» режимі жайлы әрі бірқалыпты тежеуді қамтамасыз етеді; «Спорт» режимі — педальдың өткір реакциясы мен ақпараттылығы жоғары тежеу; ал жаңа «Шофёр» режимі — артқы орындықтағы жолаушылар үшін оңтайлы жайлылықты ұсынады.
Bump Control жүйесі көлік полицей жолағынан өтер алдында пневмоподвеска биіктігін және амортизация күшін автоматты түрде реттеп, жайлылықты арттырады.
Uphill Control көліктің биіктігін көтеріп, еңістерде түбінің зақымдануын болдырмайды.
Highway Control жоғары жылдамдықтағы тұрақтылықты арттырады.
Rough Road Control жол кедергілерін анықтағанда көліктің биіктігін көтеріп, тұрақты қозғалысты қамтамасыз етеді.
www.pavlodar.hyundai.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.